Қазақстанның басым бөлігінде тағы үш күн аяз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-27 қаңтар аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Суық антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстаннан кетпейді, сол себепті Республиканың көптеген облыстарында аяз әлі де сақтаады. Өткен тәулікте орталық,  оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-8°С, ал солтүстік пен шығыста 10-18°С, қиыр шығыста 20-23°C төмен болды», - делінген хабарламада.

Республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ауа ағынының әсерінен Иран мен Қара теңіз аумағынан жылы ауа келіп, ауа температурасы 3-5°С-қа жоғарылады.

Батыс пен оңтүстікте 25-27 қаңтарда кей жерлерде болмашы боран мен жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28  м/с болатын жел тұрады.

Үш облыста қатты желдің салдарынан ескерту жарияланды.

Қызылорда облысында 24 қаңтар күндіз, 25-27 қаңтарда тәулік бойы шығыстан, солтүстік-шығыстан жел тұрып, оның жылдамдығы кей жерлерде  18-23, екпіні 30 м/с болуы мүмкін.

Ақтөбе облысында 24-і күні күндіз,  25 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей жерлерде оның екпіні 30 м/с болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтар аралығында  солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 18-23, екпіні 30 м/с болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар