Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні ауа райы тұрақсыз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК маусымның 21-і күніне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстаннның басым бөлігі арқылы өтетін фронталды бөліктер ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді. Кей жерлерде жаңбар бауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы да ықтимал.

Тек елдің оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кейбір аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін ұлғаяды.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Астанада күн алабұлтты, жаңбыр жаумайды. Оңтүстік батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда да күн алабұлтты, жауын жаумайды. Желдің екпіні секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.

Соңғы жаңалықтар