Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер жауын жауады, тек елдің батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде көктайғақ  күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде тұман түсіп, Алматы облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Соңғы жаңалықтар