Қазақстанның басым бөлігінде 11 наурыз күні тұман түсіп, қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында 11 наурызға арналған ауа райының болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты елдің шығысы, оңтүстік шығысы мен орталығында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, төменнен бұрқасындатады. Оңтүстік батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде және азаңмен Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, төменнен бұрқасындатады. 

Алматы, Жамбыл облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді. Атырау облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Маңғыстау облысында құмды дауыл көтеріліп, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Соңғы жаңалықтар