Қазақстанның әйелдер құрамасы түрік командасына 15 доп салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасы Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу барысында екінші бақылау ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін жоспарланған Ресейдің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездесу өткізілмеді. Айтпай Жамантаев жаттықтыратын құрама «Анталия Демирспор» түрік клубымен жолдастық матч өткізіп, 15:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында Анастасия Власова мен Мария Демидова қарсылас қақпасына бес доптан соқса, Арайлым Орынбасарова хет-трик жасады.

Назерке Шалмұхамбетова мен Құндыз Кожахмет командасына бір ұпайдан әперді.

«Анталия Демирспор» - Қазақстан 0:15 (0:12)

Голдар: Орынбасарова 1, 5, 47, Власова 3, 7, 34, 48, 54, Н.Шалмұхамбетова 6, Демидова 9, 21, 30, 45, 52, Қожахмет 12. 

2017. 16 желтоқсан. Белек (Түркия). «Kaya Belek».

Соңғы жаңалықтар