Қазақстанның әуе күштеріне екі жаңа Су-30СМ ұшағы қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштері екі жаңа Су-30СМ жоғары маневрлы жойғыш ұшағымен толықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Су-30СМ - екі орынды, көпмақсатты ауыр жойғыш ұшақ. Ол ұзақ қашықтыққа ұшып, әуеде шайқаса алады, жердегі нысаналарға шабуылдайды, сондай-ақ басқа да ұшақтарды да басқару мүмкіндігіне ие. Ұзақ қашықтықтарға ұшу үшін әуеде жанармай құю қондырғысы бар. Бұдан тыс Су-30СМ қазіргі заманғы радиолокациялық құрылғылармен жабдықталған.
null 

Ұшақтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс тапсырысымен Ресейдің «Иркут» Ғылыми-өндірістік корпорациясы» шығарған. Бұрын 2016-2018 жылдары Қазақстанға Су-30СМ жойғыштарын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылған болатын. Ұшақтар Ресейдің ішкі бағалары бойынша жеткізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар