Қазақстанның әскерилері ШЫҰ елдерінің бірлескен жаттығуына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Корла қаласы оқу-жаттығу базасының спорт кешенінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде әскери қызметшілердің бірлескен таулы-атқыш жаттығуы өтуде. Оған Қазақстан, ҚХР, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің бөлімшелері қатысуда.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан намысын 28 адамнан құралған әскери қызметшілер қорғауда. Бірлескен жаттығуға қатысушылар оқу-жаттығу базасының инфрақұрылымымен танысып үлгерді және бөлімшелер құрамында қарумен 5 000 метрге жүгірді.

Одан кейін әскери қызметшілер толық жауынгерлік жарақтандыруда 100 метр қашықтықтағы қоршауды бұзып өту бойынша көрсетпелі әдістемелік сабаққа қатысты.

Бұдан өзге, бірлескен жаттығу бағдарламасы оқ атусыз қаруды қолданудың тактикалық негіздерін, оқ атуды бастаусыз үш нүктедегі қарудың үш түрін, сонымен қатар, әскери қызметшілердің таулы-атқыш дайындығын жетілдіруге бағытталған бірқатар практикалық сабақтарды қамтиды. 

Соңғы жаңалықтар