Қазақстанның әскерилері БҰҰ-ның бітімгершілік курсын оқуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әскери қызметшілері «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу-жаттығу орталығының базасында «БҰҰ-ның штабтық офицерлері» курсынан өтуде.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, курстың  негізгі мақсаты - БҰҰ аясында бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысу үшін Қарулы күштердің әскери және азаматтық персоналының жан-жақты штабтық даярлығы.

null  

Аталмыш курс бітімгершілік операцияға қатысар алдында әскери қызметшіні дайындаудың қажетті құрамдасы болып табылады.

9  

Бұл курстың сабақтары екі кезеңде теориялық және практикалық тұрғыда тек ағылшын тілінде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушылар БҰҰ миссиясының құрамында көпұлтты штабтарда қызмет өткеру кезінде тапсырмаларды сәтті орындау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық машықтың қажетті деңгейін меңгереді.

2  

Бітімгершілік миссияларға қатысқан офицерлер оқыту барысында әскери қызметшілермен тікелей іс жүзінде жинақтаған тәжірибелерімен бөліседі.

3  

Халықаралық стандарттар бойынша орталық - Орталық Азиядағы «Бейбітшілік үшін серіктестік» бірден-бір оқу-жаттығу орталығы. Орталықтың базасында біздің нұсқаушылар 80-нен аса халықаралық іс-шараны өткізді. 1 200-ден аса адам тіл дайындығы бойынша оқып-үйренді. Одан басқа, Ауғанстан, Грузия, Тунис және өзге де елдердің 120-дан аса шетелдік өкілі.

5 4 6 7 8 null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар