Қазақстанның Арнайы Олимпиада құрамасы елге зор жетістікпен оралмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 28 спортшыдан тұратын Арнайы Құрама құрама командасы 14-25 наурыз аралығында Австрияда өткен Бүкіләлемдік Қысқы Арнайы Олимпиада ойындарына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорт әлеміндегі және гуманитарлық саладағы ең ірі оқиғалардың бірі - 2017 жылдың 18 наурызы күні ресми түрде ашылды. Аталмыш шараның ашылу рәсіміне әлемнің 107 мемлекетінен 1000 бапкер мен 2700 спортшы қатысты. Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі Шладминге қаласындағы Планай стадионында өтті. Бұл қысқы спорт түрлері бойынша тұрақты түрде Әлем кубоктары өтіп тұратын орын. Сонымен қатар мұнда 2013 жылы FIS Alpine Ski World жарысы өткен болатын.

Бүкіләлемдік ойындар спорттың 9 түрі бойынша өтті. Олар: флоробол, едендегі хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен сырғанау, тау шаңғысы, сноуборд, шаңғымен жүгіру және т.б. Жарыстар Грац, Шладминг және Рамзау қалаларында өтті. Жарыстардың барлығы тегін және қоғамдастық өкілдері үшін ашық болды.

Қазақстандық спортшылар Special Olympics жарысында шаңғы спортынан төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
Рустам Зарипов 1 алтын, 1 күміс, Руслан Боранбаева 1 алтын, 1 күміс, Антонина Рогова 1 алтын мен 4-ші орын, Оксана Бореивич 4 орын. Олардың барлығы да Астана қаласының «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының оқушылары.

Сноубордшылар Станислав Островский, Ольга Балашова, Сергей Барашков, Мария Игликова-Гальчинко барлығы да 4-ші орын алды.

Шорт-трек бойынша Андрей Косихин 4-ші орын алды.

Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жалпақ табан шаңғымен жүруде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді. Алексей Алимбаров - 2 алтын, Борис Астахов -1 алтын, 4 және 7 орын, Аиша Әбішева 1 алтын, 1 қола, Аида Байсмақова 1 алтын, 1 күміс, 8-ші орын.

Бүгін Қазақстанның «Спешиал Олимпикс» құрамасы сағат 23-55-те КЛМ 405 рейсімен Алматыға ұшып келеді. Олардың нәтижелері өте керемет десе болады. Қоржындарында 7 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль бар.

«Нұр Отан» партиясы, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен Респубюликалық «Асыл бала» қауымдастығы аталған жобаны қолдағандығын және олар жеңімпаздарды бүгін Алматы әуежайында қарсы алатындығын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар