Қазақстанның алғашқы шаңғы экспедициясы Солтүстік полюсті бағындырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның алғашқы шаңғы экспедициясы Солтүстік полюсті бағындырып, Жердің ең солтүстік нүктесіне Қазақстанның Мемлекеттік Туын және Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауын қадады.

Саяхатқа қатысушыларының бірі Сергей Бодров бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде бұл сапардан алған өзінің әсері туралы айтып берді.

«Үш күн бұрын мен Солтүстік полюсте сұмдық жағдайларда, қақаған аязда болдым, туған жерге оралдым - барлығы керемет, шөп жайқалып тұр, таза ауа, бастысы - жылы. Бұған мен қатты қуаныштымын», - деп атап өтті ол.

«Экспедиция бізде оңай өткен жоқ. Жердің ең солтүстік бөлігінде, ауыр жағдайларда: мұз боп қатқан мұхит арқылы өттік, мұздың жарылған жерлерінен секіріп, көптеген асуларды еңсердік, шатырда тұрдық. Қазақстанның Мемлекеттік Туын және Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауын қадау - біздің басты мақсатымыз болды. Бұл миссияны біз абыроймен және жылдам аяқтадық, ұйықтамадық, аз тамақтандық, шапшаң қимылдадық, бірақ Туларды планетамыздың ең солтүстік нүктесіне жеткіздік», - деп атап өтті С.Бодров.

Айта кетейiк, шаңғы экспедициясы Барнео - Солтүстiк Полюс аралығын қамтыды. Топ 31 наурызда Алматыдан Мәскеуге, Мәскеуден - Норвегияның Осло қаласына, одан әрi Лонгийрге аттанған болатын. Ал 4 сәуiрде Лонгийрден Барнео мұзды аэродромына ұшып барып, сол жерден Солтүстiк полюске дейiнгi шаңғы экспедициясын бастады.

Барнеодан Солтүсті полюске дейiн арақашықтық шамамен 200 шақырымды құрады. Жолда экспедицияға қатысушылар мұздың жарылған жерлерiмен, мұз шоғырларынан, ал мұздақтардың арасымен өткенде арнайы киiммен және экспедициялық поляр шаналарымен жүзiп өтті.

«Біздің саяхаттың тағы бір көздеген мақсаты Норвегияның түпкі халқының этногенезін зерттеу еді. Норвегиялықтардың арғы аталары Сақ тайпаларынан деген болжам бар. Біз Осло қаласындағы Фрам музейінде жергілікті тұрғындармен және сол жақта тұрып жатқан қазақстандықтармен тілдестік. Сонымен қатар Лонгир қаласында Қазақстан күндерін өткіздік. Оған Норвегия мен Ұлыбритания жұртшылығы белсене атсалысты. Барлығы қызық өтті», - дейді «Қазақ географиялық қоғамы» ҚҰ президиум мүшесі Төлеген Тастанбеков.

Соңғы жаңалықтар