Қазақстанның 9 облысында өзендер арнасынан тасуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 9 облысында кей өзендердің арналарынан тасу қаупіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап.

26-30 Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында жоғары ауа температурасы сақталады және еріген қар суынан кей өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

26-27 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жылы ауа райы сақталып, қар еріп, ағын сулар пайда болуы мүмкін.

25-30 наурыз күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын жауады. 25 наурыз күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде еріген қар суы жиналуы мүмкін.

26 наурыз күні Сырдария (Қызылорда облысы аумағында) өзені ауа райының жылынуынан арнасынан тасуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар