Қазақстанның 8 боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Гувахати қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатының іріктеу жекпе-жектері аяқталды. Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғау үшін 10 былғары қолғап шебері аттанған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Бокс федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, іріктеу жекпе-жектерінде жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған Надежда Рябец америкалық Читлали Ортизге есе жіберді. Сондай-ақ Маржан Есекен де поляк қарсыласы Патриции Борыстан ұтылып қалды.

Дегенмен ширек финалға 8 қызымыз шығып отыр. Жазира Орақбаева (48 келі), Жансая Әбдірайымова (51), Лаура Есенкелді (54), Сандуғаш Әбілхан (57) және Жансая Балтабекова (60) әлем чемпионатында бірнеше кездесу өткізіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Ал Салтанат Естаева (75), Арайлым Бекділдә (81) және Дина Исламбекова жарыс жолдарын бүгін ширек финалдан бастайтын болады.  Әлем чемпионатының финалдық кездесулері 26 қарашада өтеді.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатына әлемнің 38 елінің 186 қызы қатысуда. Ширек финалға Үндістан мен Ресейден 9-дан боксшы шықты. Ал АҚШ-тың 6, Польшаның 4 қызы жарыс жолында. Қытай, Германия, Түркия және Украинадан 4 қыздан ширек финалға жолдама алды. Ирландия мен Италиядан үш спортшыдан шаршы алаңдағы кездеулерін жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар