Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 18 °С
Алматы: 18 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2018 жылғы 17 сәуір 06:11 397
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 17 сәуір күні Қазақстан қалаларында ауа сапасына ықпал етуі мүмкін жайсыз метеожағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болжамға сәйкес, Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Ақсай,, Орал, Шымкенттегі метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ал, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Теміртау қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

 

 


Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат