Қазақстанның 5 облысында жол жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 5 облысында жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, Ақмола облысында ауа райының нашарлауына (қар, боран, көру шегінің шектеулілігі) байланысты келесі жолдарда автокөліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды:

1. «Екатеринбург-Алматы» 1280-1353 шақырым, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық;

2. «Астана-Киевка-Теміртау» 16-51 шақырым, Астана қаласынан Қарағанды шекарасына дейін.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру шегінің шектеулігі) «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» 62-258 шақырымы, Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейінгі аралықтағы жолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көру шегінің шектеулігі) мына жолдары көліктің барлық түрлерінің қозғалысына жабық:

1. «Омбы-Майқапшағай» 587-733 шақырымы, Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін;

2. «Семей-РФ шекарасы-Барнауыл» 2-113 шақырымы, Семейден РФ шекарасына дейін;

3. «Өскемен-Семей» 10-198 шақырымы, Геросимовка ауылынан Семей қаласына дейін;

4. «Омбы-Майқапшағай» 756-900 шақырымы, Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін;

5. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» 15-123 шақырымы, Глубокое ауылына бұрылыстан РФ шекарасына дейін;

6. «Семей-Қайнар» 8-266 шақырымы, Семей қаласынан Қайнар ауылына дейін;

7. «Алматы-Өскемен» 778-1048 шақырымы, Аягөз қаласынан Улан ауылының бұрылысына дейін,

8. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» 41-105 шақырымы, Секисовк ауылынан Риддер қаласына дейін;

9. «Өскемен-Зырян-Рахманов бұлағы» 6-164 шақырымы, Ушанов ауылынан Зырян қаласына дейін;

10. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 442-900 шақырымы, Құсмұрын ауылынан Ақсуат ауылына дейін;

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көру шегінің шектеулілігі) келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді:

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 шақырымы, Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейін;

2. «Екатеринбург-Алматы» 1353-1424 шақырымы,Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейін;

3. «Екатеринбург-Алматы» 1492-1854 шақырымы, Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейін;

4. «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 шақырымы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін.

Павлодар облысында да ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1205 шақырымында, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейін көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар