Қазақстанның 4 қаласында бейсенбі күні ауа сапасы төмендеуі ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпанға арналған метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 4 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасай отырып.

Астана, Алматы, Ақтау, Жаңаөзен, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Ақсай, Орал, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкен қалаларындағы метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.

Ал Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Өскемен қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына негіз болады.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап, Қазгидромет сайтында жақын күндерге арналған жайсыз метеорологиялық жағдайлар (ЖМЖ) туралы мәліметтер таралуда.

ЖМЖ атмосфераның жер бетіндегі қыртысында лас заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ЖМЖ болған жағдайларда елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі ықтимал.

Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайға жасалатын болжам (жел, жауын-шашын, қар, ылғалдылық, ауа температурасы) болып табылады.

Соңғы жаңалықтар