Қазақстанның 4 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаның төрт облысы мен Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«17-19 сәуір аралығында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 18 сәуірде Алматыда жаңбыр жауып, кей жерлерде ол мол көлемде түседі. Соның салдарынан өзен-көлдерде су деңгейінің артады»,-делінген хабарламада.

Ауа райына байланысты ескерту Қызылорда облысы бойынша да жарияланды.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, 17 сәуірде аймақта бұршақ жауып, күндіз күшті жел тұрады. Осыған дейін Қазақстанның басым бөлігінде 18-19 сәуір күндері күн суытатыны жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар