Қазақстанның 3 облысында дауылды ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 3 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

«Астана қаласында 8 желтоқсанда күндіз, 9 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с. Кей уақытта бұрқасын күтіледі.

8-9 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с болады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

8 желтоқсанда түнде ауа температурасы Батыс Қазақстан облысында 20-25 градус аязға, Атырау облысында 12-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі  күтіледі», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар