Қазақстанның 2 облысында үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік және шығыста атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде,  күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан күндіз Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында жел екпіні 23 м/с жетеді. 

Атырау, таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүру қаупі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық болмақ. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар