Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы жақсарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуір, бейсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар республиканың 4 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атомосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ақтау, Астана,  Шымкент, Жаңаөзен қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Соңғы жаңалықтар