«Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасына Павлодардан жеті адам кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына Павлодардан ұсынылған үміткерлердің тек жетеуі ғана енгізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Павлодар қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Рахымжанов айтты.

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ахметованың қойған сұрағына Ержан Мэлсұлы «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» тізіміне кіретін адамдарды анықтау жұмысы әлі де жалғасатынын және сараптамалық кеңестің әзірге бір отырысы ғана өткендігін айтқан.

«Бізде негізінен дәрігерлер мен спортшылар тізімге енгізілді, - дейді ведомство басшысы.

«Мысалы сараптамалық кеңестің бірінші отырысында жеті адам бекітілді. Олар - бірінші қалалық аурухананың қан айналымы бөлімінің меңгерушісі Сабит Жүсіпов, Облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесінің дәрігері Ботагөз Саматова, Өңірлік кардиология орталығының бөлім меңгерушісі Алмас Антикеев, Облыстық онкологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Инна Ломанская, Павлодар облысы бойынша көпсайысты жарыстың бас жаттықтырушысы Виктор Бондарь, 28 қысқы универсиаданың жүлдегері Анна Ткаченко.

Соңғы жаңалықтар