Қазақстаннан заңсыз темекі тасымалдаған екі ресейлік ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің екі тұрғыны акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін Қазақстан-Ресей шекарасынан өткізбек болғанда ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орал шекаралық жасағының «Шаған авто» өткізу бекетінде Ресей Федерациясының екі азаматы темекі өнімдерінің ірі партиясымен ұсталды», - делінген хабарламада

Шекара қызметінің хабарына қарағанда, олар Қазақстаннан Ресейге «Лифан» автомобилімен бара жатқан. Көлікті тексеру кезінде артқы жолаушы орындығынан және жүксалғыштан Белград қаласында өндірілген 2 қорап «Фест» темекісі табылған. Акциздік маркасы жоқ 100 блок темекі өнімдерінің барлығы тәркіленді.

Осы факті туралы Зеленов аудандық ІІБ өкілдеріне хабар берілді.

Соңғы жаңалықтар