Қазақстаннан шыққан кәсіпкер Шәріпов Омбы мэрі болуы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самат Шәріпов Омбы мэрі сайлауына қатысу үшін өтініш берген.

12 қазан күні таңертең үш адам өтініш берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  «СуперОмск»-қа сілтеме жасап.

Үш үміткердің бірі - Самат Шәріпов Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысқан. Ол Омбыдағы ІІМ академиясын тәмамдаған. Оқуды аяқтағаннан кейін тергеуші болып жұмыс істеген. Одан кейін коммерциялық салаға ауысып, көрші республикаға көшіп кеткен. Қазір кәсіпкер Ресейде жергілікті компанияның сатылым жөніндегі директоры қызметін атқаруда.

Үміткерлерді іріктеу жалғасып жатыр. Алдын ала жоспар бойынша, сайлау 2017 жылдың 17 қарашасында Омбы қалалық кеңесінің отырысында өтеді. Сайлауға түсуге үмітті жандар 31 қазанға дейін өтініш бере алады. 

Соңғы жаңалықтар