Қазақстаннан көбіне жылыжайда өсірілген қызанақтар мен қиярлар экспортталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның жоғарғы деңгейде жабдықталған жылыжайларында өсірілетін қызанақтар мен қиярлар экспортқа жіберілуде. Бұл туралы  «Жылыжайлар. Көкөніс. Суару мен Гүлдер. Алматы-2018» халықаралық көрмесінде Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының президенті Қанат Қошман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заманауи өндірістік жылыжайларда өсіріліп жатқан барлық ауылшаруашылық және көкөніс өнімдері экспортқа жіберілуде. Әсіресе, Ресей және ТМД елдеріне жеткіземіз. Бұл ортақ бағаны анықтаудың тиімді жолы. Ал елдің ішкі нарығының сұранысына келсек, ол фермерлік далалар мен жабық жылыжайларда өсірілетін көкөніс өнімдерімен қанағаттандырылып отыр», - дейді Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының президенті Қанат Қошман.

Оның айтуынша, Қазақстанның жылыжай секторы соңғы 10 жылда айтарлықтай дамыған. Фермерлер жабық жылыжайларды қолдануды жөн көреді. Деседе, ауыл шаруашылығы секторының көптеген мамандары температуралық сезгіші бар, жарықпен қамтамасыз етілген жоғары технологиялық өндірістік парниктерді қарастырып жатыр. Қазақстандық фермерлер әртүрлі технологияны пайдалануда. Көбіне Голландияның тәжірибесіне сүйене отырып, жұмыс істеуде.
null 

«Бүгінгі таңда, елімізде мыңнан астам жылыжай жұмыс істейді. Оның ішінде жабық жылыжай мың гектарды қамтыса, өндірістік жылыжайдың аумағы - 300 гектар. Бұл өсімдіктерді биоқорғау, химиялық қоспалар мен  тыңайтқыштар сынды отандық сектордағы өзге де салалардың дамуына негіз болып отыр. Біз елдің ауыл шаруашылық секторын дамытуда дамыған елдердің тәжірибесін қолданып келеміз», - дейді ол.
null 

Халықаралық көрмеге Ресей, Италия және Голландия сынды әртүрлі  елдерден жүздеген компаниялар келіп, өз өнімдерін ұсынып отыр. 

«Голландиялық компаниялар жылыжай секторы бойынша қазақстандық фермерлермен 10 жылдан бері бірге еңбек етіп келеді. Әзірге, өзара  ынтымақтастық жылыжайларды жасау, биотыңайтқыштарды жеткізу мен гүл өнімдерін экспорттау сынды коммерциялық деңгейдегі келіссөздер есебінде жүруде. Алдағы уақытта үкімет деңгейінде ынтымақтасуға үміт артамыз. Қазақстан Нидерланды Корольдігі үшін алдыңғы шептегі елдердің қатарында», -  дейді Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігі елшісінің ауыл шаруашылығы бойынша кеңесшісі Меувес Брауэр.

«Жылыжайлар. Көкөніс. Суару мен Гүлдер» халықаралық көрмесі Алматыда 10-шы рет өткізіліп отыр және 21 сәуірге дейін жалғасады.

null 

 

null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар