Қазақстаннан Әзербайжанға астық тасымалына жеңілдік енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ресей темір жолы» ААҚ  (РТЖ)  инвентарлық парк вагондары арқылы Қазақстаннан  Қиғаш ( ресей-қазақстан шекарасы)  -Самур (ресей-зербайжан шекарасы)  маршруты бойынша транзиттік астық тасымалына 45 проценттік жеңілдік енгізді, деп хабарлайды trend.az.

Бұл туралы РТЖ-Партнер басылымы  ААҚ басқармасы отырысының хаттамасына сілтеме жасап жазады.

ТМД елдері темір жолдарының  халықаралық жүк тасымалы  тарифтік саясаты мөлшерлемесіне енгізілген бұл өзгеріс 1 наурыздан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.

Фото: logsoft.kz

Соңғы жаңалықтар