Қазақстаннан асырап алынған мүгедек бала 5 шақырымға жүгіріп жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 жыл бұрын төрт жасында асырап алынған Тимур Фергион ауруға берілмей, 5 шақырым қашықтықты еңсеруде. Ол Колорадо штатында Гранби қаласында жүгіру спортымен айналысады. Ол америкалық әкесі Джим Фергионға алғысы шексіз, деп жазды Hartford Courant.

инвалид
Тимур жамбас буынының қос дисплазиясымен өмірге келді,  оған үш жасқа дейін бірнеше ота жасалды, 5 жасқа дейін жүре алмады. Балалар үйінде 4 жасына дейін болды.

Джим Фергион балаларды асырап алған кезде жасы 52-де болды. Әйелімен ажырасқан, екі баласын өз тәрбиелеп отырған еді. Оның зейнеткерлікке шығуына 4 жыл қалған болатын. Ол Брэдли халықаралық әуежайында диспетчер болып жұмыс істеді.

инвалид  

Ол Қазақстаннан бала асырап алу жайын қарастырып жүріп, мұнда бірнеше баланы қамқорлыққа алуға мүмкіндік берілетінін білді. Тимур өгей әкесімен алғаш рет 2002 жылы кездесті. Құжат реттеу 11 айға созылды. 2003 жылы  Джим Фергион 4 жасар Тимур мен 2 жасар Әминаны асырап алады. Басында қиын болды. Себебі балалар ағылшын тілін білмеді. Тимур қайтадан балабақшаға барды.

Тимурға ауыр ота жасалды. Өткен қыста Коннектикутта Балалар медициналық орталығында толық сауықтырудан өтті. Ақсаңдап жүргеніне қарамастан 17 жастағы Тима ойлы-қырлы жерлермен жүгіргенді ұнатады. Найза лақтыру, сырықпен секіру, қыста сноубордпен айналысады.

инвалид  

«Ол керемет жігіт, - деді Тимурдың бапкері Деннис Лобо. - басқаларына үлгі болуда. Ол үздік командалық ойыншы».

Қазір Джим Фергион Коннектикуттағы балалар медициналық орталығының бұрынғы медбикесі  Джо-Энн Смитке үйленген. Қызы Әмина - Granby High екінші курс студенті. Футбол командасында ойнайды, жеңіл атлетикамен айналысады.

Тиманың балалар үйіндегі кішкене кездері есінде жоқ. Оның айтуынша, жүгіруде оған мәреге келу қатты ұнайды екен. «Маған алға қойған мақсатқа жеткеннен кейінгі күйім ерекше әсер етеді», - деді ол күліп.

Соңғы жаңалықтар