Қазақстанға виза алғысы келетін қытайлық қандастар саны күрт артты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы қандастарымыздың виза кезегіне арналған kezek.cn сайты 6 сәуір күні мамыр-маусым айының виза кезегін таратты. Оған сәйкес, екі сағатта 15 мыңға жуық адам екі айдың виза кезегіне тұрып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

hazharas.com сайтының хабарлауынша, әр екі айдың виза кезегін бекітетін «кезек» жүйесіне 1 жұмыс күнінде 350 адамның тіркелуіне мүмкіндік бар. Бүгін мамыр-маусым айының 42 жұмыс күніне 14700 адамға виза кезегі берілді.  4 және 5 сәуір күні «кезек» жүйесінің ұялы телефонға арналған нұсқасы сынақтан өткізілді. Алғашқы күні кезекке тұруға 7500 адам өтініш білдіріп, тек 350 адам ғана кезекке тұрған. Ал 6 сәуір кезек сайты дәстүр бойынша екі айдың виза кезегі туралы мәліметті таратып, 14 мың адам екі сағатқа жетпей тіркеліп болды. Бұдан бөлек Астанадағы Экспо көрмесін тамашалауға ниеттеніп отырған тағы қаншама қандастарымыз виза кезегінен орын ала алмаған.

Айта кетерлігі, Қытайдағы қандастарымыздың Қазақстанға виза рәсімдеудегі қиындықтарды жеңілдету үшін, Үрімжі Қаласындағы ҚР СІМ Төлқұжат-виза қызметінің қолдауымен Қазақ жастары 2015 жылдың наурыз айында интернеттік сайт арқылы кезекке тіркеу жүйесін іске қосқан. Осыдан кейін төлқұжат-виза қызметі есігі алдындағы ұзыннан ұзаққа созылған кезек азайған.

Соңғы жаңалықтар