Қазақстанға сирек кездесетін құстарды тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні РФ Батыс Сібір көлік прокуратурасы аса бағалы жабайы құстарды 500 мың доллардан артық бағаға сату үшін Қазақстанға  әкелген ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесінің  ісі Омбы сотында қаралатындығын мәлім етті.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, топ мүшелері Омбы облысының аумағынан Қазақстанға Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген аса бағалы сұңқар тектес (ақсұңқар, ителгі) құстарды тасымалдаған, деп хабарлайды РИА Новости.

«Қылмыстық топ мүшелері 2016 жылдың 3 қарашасынан 2016 жылдың 6 желтоқсанына дейінгі аралықта Таяу Шығыс елдеріне құстарды 500 мың доллардан астам сомаға сату арқылы пайда табу мақсатымен 13 ақсұңқар мен ителгіні контрабандалық жолмен тасымалдаған. Құстар тасымалы Ресей-Қазақстан шекарасының қиылысына дейін автокөлік жүргізушілерінің қатысуымен жүзеге асырылған», - делінген  хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар