Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалі қайтарылуы мүмкін - министр Мұxамедиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жек нәтижесінің қайта қаралып жатқанын растады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Халықаралық Олимпиада комитеті Левит пен Тищенконың жекпе-жегін қайта қарап жатыр. Бәріңіз ол жекпе-жекті көрдіңіздер. Әрине, осы жолы әділ шешім шығарылса, Қазақстанда сол Олимпиаданың төртінші алтыны болады», - деп атап көрсетті Арыстанбек Мұxамедиұлы бүгін кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Айта кетейік, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық боксшы Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте төрешілер жеңісті көрші елдің спортшысына берді. Алайда жанкүйрлер ондай шешіммен келіскен жоқ. Боксшыларды марапаттау рәсімі кезінде жанкүйерлер өз наразылығын білдіріп, ресейлік боксшыны қолдамады. Ал Василий Левит тұғырға көтерілгенде оған қол шапалақтап, алтын медаль алған спортшы сияқты құрмет жасады.

Соңғы жаңалықтар