Қазақстанға Қырғызстаннан келетін көкөністер көлемі артпақ

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысындағы Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің көліктік инфрақұрылымын дамытудың «Жол картасын» іске асыру барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іссапар аясында Кәрім Көкірекбаев «Айша бибі» - «Чоң Капка» бақылау-өткізу бекетіне барды. Елші Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық қызмет өкілдерімен бірқатар кедендік мәселелерді талқылады.

null«Атап айтқанда, дезинфекциялық тосқауылға жөндеу жұмыстарын жүргізу, қазақстандық тараптағы бақылау-өткізу бекетінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, айналасын қоршау қажеттігі талқыланды, - деп түсіндірді Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігі. - Одан бөлек, Қырғызстандағы жеміс пен көкөністің алғашқы легі жиналғандықтан, аталған өткізу-бақылау бекеттері көліктік жүктеменің ұлғаюына дайындалып жатыр».

2018 жылға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бекет аумағында автокөлік тұрағын орнату мен жол жабынын жөндеу жұмыстары қарастырылған. Кеденшілердің айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартады.

Сонымен бірге, елшілік «Жол картасы» бөліктерін жүзеге асыру аясында сәуір айында Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы, мелиорация және азық-түлік өнеркәсібі министрі Нұрбек Мұрашевтың кездесуі өткенін еске салды. Кедзесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көтерілді. Одан бөлек, кездесуде фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау мәселелері қаралды. Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлерінің айтуынша, бұл мәселелерді шешу Қазақстан мен ЕАЭО нарығына жіберілетін қырғызстандық өнім көлемін ұлғайтады.

Соңғы жаңалықтар