Қазақстанға импортталатын ресейлік автокөліктер саны қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға тасымалданатын Ресейлік автокөліктердің саны азайып, керсінше Өзбекстаннан келетін көліктердің импорттық көлемі артып, олардың нарықтағы үлесі 11,5 % құрады, деп хабарлайды finprom.kz.

Қазақстанға импортталатын жеңіл көлік саны қысқарған. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізге 4,7 мың автокөлік әкелінген, бұл былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіштен 11%-ға төмен. Үш жыл бұрын 2014 жылдың алғашқы үш айында елімізге 32,4 мың автомобиль импортталған,  ол қазіргі жағдаймен салыстырғанда 7 есеге артық.

Сонымен қатар, ресейден әкелінетін автокөліктердің бағасы қымбаттап кеткен. Ағымдағы жылы шеттен әкелінген жеңіл көліктердің жалпы құны 92,5 миллион долларға жеткен. Бұл 2016 жылдың осы кезеңіндегі бағамен салыстырғанда 41%-ға жоғары.

Айта кетейік, қазақстандықтардың басым бөлігі шеттен тасымалданатын көліктердің шамадан тыс қымбаттауына байланысты одан бас  тартып отыр. Бір жыл ішінде Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 7,5 мыңға төмендеп отыр.

Соңғы жаңалықтар