Қазақстанға импортталатын көкөністер былтыр 25 пайызға арзандаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда экспортталатын тауарларға баға 2016 жылғымен салыстырғанда 16,3%-ға артты, импортталатындарға 6%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға - 38,3%, мырышқа -27,2%, мысқа - 25,5%, көмірге - 20,8%, мұнайға - 20,4%, қорғасынға 14,2%-ға жоғарылады, марганец кендеріне 18,7%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға 7,3%-ға жоғарылауы, олардың бидайға - 4,9%, жүнге 4,8%-ға төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден кофе - 17,5%, шай - 10,8%, сүт өнімдері - 10,3%, макарон өнімдері - 7%, құс еті - 5,1%, дәрі-дәрмектер 2,8%-ға қымбаттады, көкөністер - 25%, жемістер мен жаңғақтар 2,4%-ға арзандады. Баға қағазға - 10,1%, текстиль бұйымдарына - 7,2%, аяқкиімге 5,4%-ға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар