Қазақстанға алғаш сапарлаған ЭЫДҰ бас хатшысы ел билігімен кездеспек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға алғаш рет сапарлаған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас хатшысы Анхель Гурриа еліміздің  билік өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бүгін Премьер-Министрмен, Премьер-Министрдің орынбасарымен, министрлермен кездесуім жоспарланған. Ертең Алматыға барып, Қазақстан Үкіметі мен  ЭЫДҰ бірлесіп ұйымдастыратын Еуразия апталығын ашатын боламыз. Ол ауқымды іс-шара болмақ. Оған өңір елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар қатысады», - деді Анхель Гурриа Ақордада ҚР Мемлекеттік хашысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі  алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол бүгін ҚР Парламентінде болып, еліміздің заң шығарушы органы өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге болатын  бағыттарды  жан-жақты талқыға салатындығын атап өтті.

«Біз  түрлі бағыттарда жұмыс істейміз. Дегенмен білім беру мен денсаулық сақтау саласы негізгі бағыт болмақ. Қазақстан салық салудан жалтаруға, жемқорлыққа қарсын күресте негізгі серіктесіміз  саналады. Жаңа бизнес құру үшін ережелер әзірлеу, жаңғыртылған регламенттер мен нормативтердің болуы  бағыттарында да бірлесе жұмыс істеуге ұмтыламыз.  Осы тұрғыдан келгенде кәсіби техникалық дағдының болуы айрықша маңызға ие. Өйткені, дұрыс дағды мен білімнің арқасында ғана  Қазақстан экономикасының дамуына қол жеткізе аламыз. Әсіресе, цирфландыру дәуірінде, цифрлық экономика кезеңінде өмір сүріп жатқандықтан оның маңыздылығы арта түседі», - деді Анхель Гурриа.

Соңғы жаңалықтар