Қазақстандықтарға Windows, Linux және MacOS осалдығы туралы айтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Intel, AMD және ARM процессорларының осалдығының анықталуына байланысты  операциялық жүйені (Windows, Linux және MacOS) жаңарту қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

Аталған ұсыныстар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне де жіберілген.

Қолданушы құралдарына шартты түрде Meltdown және Spectre деп аталатын  вирустың зиянды әсері тиюі мүмкін. Оның бірінші әсері қосымша мен операциялық жүйенің  ішкі жады «шекарасына», екіншісі қосымшалар арасындағы «шекаралардың» өзін өшіреді.

Шабуыл жасағысы келген адамның қолында қазыр JavaScript-код  арқылы құпия сөзді ұрлау мүмкіндіктері бар.

Комитет хабарлағандай, мұндай жағдайда кибершабуыл жасаған адамның артында ешқандай «сандық» белгі не із қалмайды.

«Microsoft қазір  Windows 7, 8 және 10-ға арналған жедел жаңартылымдар жасады. Осы арқылы аппараттық чиптердегі Intel, ARM және AMD осалдығынан құтылуға болады. Әзірге аталған осалдықтарды пайдалана отырып шабуыл жасаған қолданушылар туралы мәлімет түскен жоқ», деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар