Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 72,3-ке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3-ке жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Астанада еліміздегі денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстардың алғашқы жартыжылдығы қорытындыланып жатыр. Жиында медициналық құрылғыларды жаңарту, бюджеттік қаржыны пайдалану, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлердің көрсеткіштері сарапталуда.

«2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы бойынша негізгі көрсеткіштер қалыпты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (6 ай бойынша) ана өлімі 10,8 процентке азайды. Өлім жағдайлары инфаркттан 5,5 %-ке, қайғылы жағдай мен жарақат алудан 8,6%-ке, туберкулезден 32,2 %-ке төмендеді», - дейді ДСМ вице-министрі Алексей Цой.

Жиын барысында «Денсаулық» бағдарламасы бойынша негізгі көрсеткіштері төмен өңірлердің денсаулық сақтау басқармасының басшылары баяндама жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар