Қазақстандықтардың 75 пайызы бала тәрбиесінде күш қолданғанды дұрыс көреді - ЮНИСЕФ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы халықтың 75 пайызы тәртіпке бағынбайтын балаларды күш қолдана отырып тәрибелеу жолын қолдайды. 2010-2016 жылдары жүргізілген зерттеу нәтижесі туралы баяндаған ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстанда 2016 жылы біз (ЮНИСЕФ - авт.) Адам құқығы жөніндегі уәкілмен бірігіп, аталған тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Оның қорытындысы Қазақстандағы халықтың 75 пайызы балаларды тәртіпке бағындыру үшін күш қолдану әдісі дұрыс деп есептейтінін көрсетіп отыр. Яғни, халықтың жартысынан көбі осындай пікірде. Бұл әлеуметтік нормаға айналғандықтан, қоғамда балаларға күш қолдану қарым-қатынасына сабырлы көзқарастың бары сезіледі», - дейді Юрий Оксамитный.

Оның айтуына қарағанда, қазақстандық балалар үйінде де, мектеп пен интернатта да мұндай мәселемен бетпе-бет келіп жатады. Десе де, ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанда балалардың құқығын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмысқа жоғары баға берді.

«Қазақстанда балалар құқығы жөнінде құзырлы органның құрылуы бұл бағытқа тың серпін берді. Бұл жұмыста біз ашықтыққа, зор жауапкершілік пен талдамалы түрдегі амалға баса ден қоямыз. Ең жақсысы, өзекті мәселелерді шешуге келгенде Қазақстан қашан да ашықтық танытып келеді», - дейді Ю.Оксамитный.

null 

Ол сонымен бірге, өткен жылы ЮНИСЕФ ұйымының жаһандық есебі жарияланғанын, оның қорытындысы бойынша, әлемде 300 миллионға жуық бала өз үйінде психологиялық қысымға немесе күш қолдану жағдайына тап болатынын айтады.

«Зерттеу жұмыстары жүргізілген отызға жуық елде бір жастағы 10 баланың алтауы тәрбиелеу үшін күш қолдану жағдайына тап болып жатады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу жəне заңға тартылған балалардың мəселелерін шешу үшін екі коммуникациялық науқанды бастады.

Коммуникациялық жобалар бала тəрбиесі мəселесінде қоғам мен ата-аналардың тəжірибесіндегі əдіс-амалдарды, жайсыз əлеуметтік нормаларды өзгертуге бағытталған. Бірінші коммуникациялық науқан жас ата-аналардың, сондай-ақ осы мəселеге келгенде зорлық-зомбылыққа жол бермеу амалы бойынша қоғамның білім-білігін арттыруды көздейді. Ал екінші науқан заңға тартылған балалардың құқығын қорғауға бағытталған. Коммуникациялық науқан Қазақстанның алты облысында, атап айтқанда, Астана мен Алматы қалаларында, ШҚО, ОҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында басталады.

Соңғы жаңалықтар