Қазақстандықтардың 13 пайызы кең жолақты интернетті пайдалана алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әрбір 100 адамның 13-іне кең жолақты жоғары жылдамдықты желі байланысы қолжетімді. Абоненттер саны бір жылда 12% көбейген, деп хабарлайды energyprom.kz. 

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында телекоммуникациялық компаниялар қазақстандықтарға 55,45 млрд теңгеге интернет-байланыс қызметтерін көрсеткен - бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 9,5% көбірек. Жоғары өсімдер Астанада, Алматыда және Павлодар облысында тіркелді. Бұл интернет-желінің кеңеюімен тікелей байланысты: бір жылда абоненттер саны 11,6%-ға, яғни 2,4 миллион адамға дейін өскен. Ең жоғары өсімдер Астана мен Алматы облысында тіркелді. Интернет нарығының негізгі дамуы қалаларда байқалды. Ауылдық жерлерде көрсетілген web-байланыс қызметтерінің көлемі бір жылда 3,4% -ға, қалаларда - 10,1% ұлғайған. Ауыл барлық интернет-қызмет көлемінің 8,1% ғана құрайды (бір жыл бұрын 8,6%  еді). Бұл орайда интернет-байланыстың ауылдық жерлерде дамуындағы негізгі қозғаушы болып қалатынын және жалпы байланыс көлемінің 42% құрайтынын атап өткен жөн (бір жыл бұрын 40,6% болған).  

Қазақстан бойынша әрбір 100 тұрғынның 13-іне, ауылдарда -100 адамның 6-ына кең жолақты тіркелген жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді. Интернеттендірудің үздік көрсеткіштері: Алматыда әрбір екінші тұрғын, Астанада 100 адамның 17-сі, Солтүстік Қазақстан облысында - 100 адамның 16-сы және Павлодар мен Ақмола облыстарында - 100 адамның 11-і тіркелген жоғары жылдамдықты web-байланысты қолдана алады. 

Соңғы жаңалықтар