Қазақстандықтарды жер шарының Оңтүстік полюсінен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тәуелсіздік Полюсі» шаңғы экспедициясының қатысушылары қазақстандықтарды жер шарының Оңтүстік полюсінен Жаңа 2017 жылмен құттықтады. 

Жоспарланғандай, олар жердің барлық меридиандары тоғысқан оңтүстік ендіктің 90 градус нүктесіне 10 күнде-ақ жетті. Күнделікті поляршылар 20 шақырымнан жедел жүріп, команданың мүшелері барлығын санағанда антарктика даласының 217 шақырымын жүріп өтті.

«"Тәуелсіздік Полюсі" экспедициясының тобы барлық қазақстандықтарды шын жүректен Жаңа жылмен құттықтайды! Сіздерге 2017 жылда бақыт, денсаулық, бейбітшілік, сәттілік, асқан жылулық пен сүйіспеншілік тілейміз! Біз алғаш рет Жаңа жылды Антарктиданың шексіз жазығында қарсы алып жатырмыз. Қаһарлы ауа райына қарамастан, бізде барлығы жақсы, көңіл күйіміз тамаша! Мен және топ мүшелерінің барлығы, Юрий Юшин, Ілияс Ғалымбеков, Дәулет Шәріпов, сіздерге тек жақсылық тілейміз! Тағы да Жаңа Жылдарыңызбен, байланысқа дейін! Болашағымыз - бірлікте! Алға Қазақстан!», - деп ойымен бөлісті  Алматы қ. QazaqGeography өңірлік өкілдігінің басшысы, экспедиция тобының жетекшісі Мағжан Сағымбаев.

Оңтүстік полюске шаңғымен өту - «Тәуелсіздік Полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының екінші кезеңі болып саналады. Бұл кезең Тәуелсіздік күні Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков альпинистерінің Винсон шыңына мемлекеттік тудың сәтті орнатылуынан кейін, 21-ші желтоқсанынан бастау алған. Оңтүстік полюске алғашқы қазақстандық шаңғы экспедициясының барысында оқыс жағдайлар да болып тұрды. Он күннің ішінде поляршылар қозғалып жүріп, жол жөнекей құрал-жабдықтарын жөндеп, үсітіп алған дене мүшелерін жылытып, шатырда болған өртті сөндіріп, тіпті команданың ең жас мүшесі Ілияс Ғалымбековтың 21 жасқа толған туған күнін тойлаған.
null  

Арктикалық және Антарктикалық бағдарламалардың жетекшісі және QazaqGeography «Туризм, саяхаттар мен өлкетану» тақырыбындағы кеңестің вице-президенті Нұрлан Абдуовтың айтуынша, «Тәуелсіздік Полюсі» ауқымды экспедициясының және басқа да жобалардың өткізілуі QazaqGeography Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы жетекшілерінің және оның құрамына кіретін ҚазГео-ның арқасында жүзеге асырылып жатыр.
« 2011 жылдан 2017 жылға дейін үш полярлық экспедициялардың құрамында болған ҚазГео командасының 15 мүшесі Арктика мен Антарктикада болып көрді. Алғашқы антарктикалық экспедиция бағдарды шапшаң жүріп өткендері үшін Гиннесс кітабының рекордшылары болып аталды 2014 жылы мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істегеннің нәтижесінде 1959 жылғы Антарктика туралы Келісімге Қазақстан да қосылады деген Президент Жарлығына қол қойылды. «Тәуелсіздік Полюсі» жобасы аяқталған соң, Антарктидада Қазақстанның жеке ғылыми бекеті ашылып қалар деген үміт бар», - дейді Абдуов.

Антарктидада автоматтандырылған ғылыми бекеттің құрылуы, антарктикалық келісім бойынша қатысушы-елдердің арасында Қазақстанның орнын нығайта түсіп қана қоймай, сонымен қатар болашақ полярлық зерттеушілерге арнап базаның ашылуына септігін тигізеді.
null  

«Төтенше полярлық жағдайды зерттейтін ғылыми ортаға біз енді-енді қадам басудамыз. Көптеген елдер бұл іспен көп жылдар бойы айналысып келе жатқандықтан, олардың нақты ғылыми және даму мақсаттары айқындалған. Әлемдік қорлар нарығында Қазақстан салмақты орынға ие болғандықтан, сындарлы мәнге де ие.  QazaqGeography Американдық географшылар қауымдастығымен бірге және Орыс Географиялық Қоғамымен, сонымен бірге Антарктида мен Арктикада өздерінің қорлар базасы бар мемлекеттермен қызмет етіп келеді.Біз алда да шетелдік серіктестермен бірге қарым-қатынастарымызды жалғастырып, жағдайымызға қарай Оңтүстік полюстегі жайғасымызды нығайта түспекпіз», - деп мәлімдеді «Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы» (QazaqGeography) РҚБ- ның Басшылар Кеңесінің Төрағасы, Назарбаев Университетінің ғылым және инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин.
null  

Сондай-ақ, экспедицияның екі ғылыми қызметкері Әлия Ерназарова мен Арман Баймұхамедов Юнион Глетчер базасындағы зерттеулерін аяқтап, биотехнология саласындағы зерттеулерді бастап, адам физиологиясына Антарктиданың әсер беру себептерін анықтауда.
 «Менің жүрегімде жағымды сезімдер толып, тасып бара жатыр, аздап шаршағаным болмаса, жалпы барлығы үздік өтуде. Антарктидада болып, зерттеулер жүргізе алатын бірегей мүмкіндік үшін Қазақ Географиялық Қоғамына алғысымды білдіремін. Біз әртүрлі елдерден келген ғалымдармен танысып, бірігіп нәтижелі жұмыс істеп, өзімізді халықаралық ғылыми қоғамдастықтың бір бөлшегі ретінде сезінгеніміз, біз үшін үлкен қуаныш», - деген пікірін білдірді экспедиция қатысушысы Арман Баймұхамедов.
null  

«Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен, сонымен қатар «Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы» (Qazaq Geography) Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің демеуімен өткізіліп жатыр. Жобаның бас серіктестері ретінде «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі, Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Д.С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қатысты. Ғылыми-зерттеу экспедицияны ұйымдастырған Қазақ Географиялық Қоғамы.

 

Соңғы жаңалықтар