Қазақстандықтарды мазалайтын негізгі мәселелердің «үштігі» қандай - сауалнама нәтижесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының директоры Юлия Кучинская қазақстандықтарды мазалайтын ең негізгі үш мәселені атады.

 Аталмыш қорытынды орталық қызметкерлерінің сауалнама жүргізуі барысында анықталып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жалпы, сауалнама республика аумағы бойынша 1600 респондент пен демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында өткен. Оны жүргізу барысында 67 елдімекен (қала мен ауыл аралас) қамтылған.

««Жалпы, Елбасының саяси бағытын орындау үшін қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптасқан. Халық үшін ең өткір үш мәселені атап өтуге болады. Біздің зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша бұл «үштікті» материалдық мәселелер, бірінші қажеттіліктегі тауар бағаларының өсімі бастайды. Аталған мәселе халықтың 67,9 пайызын мазалайды. Төменгі кіріс мәселесі халықтың 30 пайызын алаңдатады. Сонымен бірге, халықтың 26,5 пайызын коммуналдық төлемдердің қымбаттығы мазалайды. Бұл мәселелер халық үшін ең өзекті болып табылады», - деді Юлия Кучинская Астанада «Қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі: 2017 жылдың қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сонымен қатар, респонденттердің өзінің өмірлік деңгейі (59,4%) және материалдық әл-ауқаты (66,9%) секілді бағалау индекстері жоғары деңгейге ие болса, елдің әлеуметтік-экономикалық (49%) және саяси жағдайының (72,5%) бағалау индекстері де жылдағы көрсеткішті көрсеткен.

«Әлеуметтік жағдайға оңды көзқарас индексі (62,6%) және дұрыс жүргізіліп жатқан саясатқа халықтың сенімділігі индексі де (75%) тұрақты түрде жоғары көрсеткішке ие», - дейді Юлий Кучинская.

Соңғы жаңалықтар