Қазақстандықтар жаңа жылда 4 күн демалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар жаңа жылда 4 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар жаңа 2018 жылды жексенбіден дүйсенбіге қараған түні қарсы алады. Жаңа жылдық демалыс  төрт күнге, атап айтқанда 2017 жылдың 30 - 31 желтоқсанынан (сенбі және жексенбі) және 2018 жылдың 1-2 қаңтарына (дүйсенбі және сейсенбі) созылады.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері аталып өтіледі. Осыған байланысты адамдар қосымша үш күн демалуға мүмкіндік алады . 

 

Соңғы жаңалықтар