Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға 22 млн теңге аударды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен аудандарға белсенді жәрдем көрсету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Аймақтық коммуникациялар қызметі.

Көкшетау, Степногорск қалалары және Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Шортанды аудандары атбасарлықтар мен сандықтаулықтарды, Астрахан, Целиноград аудандарының тұрғындарын азық-түлік, киім-кешек, бөтелкедегі су, жуу заттары, гигиеналық құралдар және табиғи газбен қамтамасыз етті.

Ерейментау ауданы Атбасар қаласына шамамен үш миллион теңгеге 77 бас қой, 2 ірі мүйізді мал түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Одан бөлек, аудандардың барлық мемлекеттік қызметкерлері арнайы есепшотқа бір күндік еңбекақыларын -шамамен 10 миллион теңге аударды.

Ақмолалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қазақ тілі және мәдениет» қоғамдық бірлестігінің арнайы есепшотына еліміздің қайырымды азаматтарынан түскен ақша аударымдарының жалпы сомасы 22 миллион теңгеге жетті. 

Соңғы жаңалықтар