Қазақстандықтар Шанхайдың тоқыма өнеркәсібін үйреніп жатыр

None
None
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Шанхайдағы тоқыма өндірісі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жыл сайынғы семинарға төрт қазақстандық қатысып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі. 

«Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ бас сарапшысы Нұрсұлтан Шалқаров (Астана), «Industrial Energy Alliance» ЖШС директорының орынбасары Данара Смаил (Қарағанды), «Sinopec-Қазақстан» қызметкері Ләззат Әділова (Ақтөбе) және Қазақ ұлттық өнер университетінің мұғалімі Жәнібек Оразалы (Астана) және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Гүлжамал Махмудова (Шымкент) Өзбекстан, Албания, Иран, Франция және бірқатар Африка елдерінің 29 өкілімен бірлесіп, бір ай бойы теориялық дайындықтан өтеді, сондай-ақ тоқыма өнімдерін шығаратын Шанхай кәсіпорындарын аралайды.

null null

Семинардың ашылу рәсіміне Шанхайдағы ҚР бас консулы Жошыхан Қыраубаев қатысты.

Ж.Қыраубаев «ҚазАқпарат» ХАА-ға берген сұхбатында атап өткендей, Бас консулдық, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдігі қытайлық университеттермен ынтымақтастықты нығайтуы жалғастырады.

null

«Бұл - 3.0 жаңғырту аясында берген ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес, біздің азаматтарымыздың экономиканың түрлі салаларында Қытайдың озық білім мен практикалық тәжірибе алмасуына жол ашады», - деді дипломат.

Соңғы жаңалықтар