Қазақстандықтар Рождество мерекесіне орай қай күндері демалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Құрбан айт және Рождество діни мерекелері ресми мейрамдар болып саналмайды, бірақ демалыс күндерге жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына байланысты, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі. 

Биыл Рождество мерекесінің алғашқы күні жексенбіге түсіп тұр. Бұл діни мереке Заңда көрсетілген ұлттық және мемлекеттік мереке күндерінің тізіміне кірмегендіктен, демалыс дүйсенбіге ауыстырылмайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылған болатын. 

2018 жылғы демалыс күндері:   

3 наурыздан 9 наурыз жұмаға;

28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге;

5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге;

25 тамыздан 31 тамыз жұмаға;

29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.

Соңғы жаңалықтар