Қазақстандықтар Париждегі «Ле Бурже» авиасалонына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы вице-министр Марат Нұрғожиннің басшылығымен Францияға жұмыс сапармен барып, париждік «Ле Бурже-2017» авиасалонына қатысуда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес қазақстандық делегация қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық бойынша әріптестермен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізеді.

Авиасалон жұмысының бірінші күні М. Нұрғожин Франция ұлттық ғарыштық зертеу орталығының (CNES) вице-президенті Штайнберг мырзамен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ 52-ші авиасалонға ҚР Президентінің кеңесшісі, Францияның Құрметті легионы орденінің офицері, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев шақыртылды.

«8 жыл бұрын, 2009 жылғы 17 маусымда Ле Буржеде халықаралық көрме аясында ғарыш саласындағы ынтымақтастық бойынша Франция мен Қазақстан арасындағы алғашқы құжатқа қол қойылды», - деді Талғат Мұсабаев.

Осы күні «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен француздық «EADS-Astrium» жетекші компаниясы Астанада салынып жатқан ғарыш аппараттарын жинақтау-сынақтан өткізу кешенінің эскиздік жобалауына арналған келісімшартты жасасты.

Соңғы жаңалықтар