Қазақстандықтар қызметтерді электрондық форматта алуды жөн санайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар мемлекеттік органға қағаз түріндегі қызметтерді алуға 2 есе аз жүгінетін болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің директоры Әділбек Мұқашев брифингте мәлімдегендей, ағымдағы жылдың І тоқсанында мемлекеттік органдар халыққа 46,8 млн мемлекеттік қызмет көрсеткен, бұл өткен жылдың дәл осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%-ға көп.

Аталған көрсетілген қызметтердің санының 48%-ы электрондық форматта, 25%-ы - Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

Бұл ретте, 78,5%-ы электрондық мемлекеттік қызметтердің өскендігі білінеді, сондай-ақ, «бір терезе» қағидаты негізінде жұмыс жасайтын орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер 3 есеге артқан.

Ағымдағы жылы мемлекеттік органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 27%-ды құрады, ал 2016 жылдың дәл осыған ұқсас кезеңінде - 56% көрсетілген.

«Агенттік уәкілетті органдармен бірлесіп, азаматтардың көрсетілетін қызметтерді берушілерге тікелей жүгіну фактілерін жоюға қатысты шаралар қабылдауда. Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен 13 ішінара және азаматтардың өтініштері негізінде 110 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңнаманың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттердің жүйелі түрде бұзушылықтары анықталды», - делінген Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Тексеріс субъектілері үшін анықталған бұзушылықтарды жоюға қатысты 107 ұсыныстар әзірленді.

Қазіргі таңда орталық аппаратпен Білім және ғылым министрлігі мен оның комитетінде, инвестиция және даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрліктерінің ведомстволарында, аймақтарда - әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелерінде тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар