Қазақстандықтар Қытай әуе компаниясының сервисіне шағымданды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 11 қаңтар күні Сингапурдан Бейжіңге Air China әуе компаниясының № СА976 транзиттік рейсімен жеткен 23 қазақстандық азамат қолайсыз ауа райына байланысты Астанаға өз уақытында ұша алмады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің мәліметтеріне қарағанда, қытайлық шекарашылар қазақстандықтарды транзиттік аймақтан шығарудан бас тартқан. Қазақстандық дипломаттардың кепілдік хат жазу ұсынысы да нәтижесіз болды.

Соның салдарынан арасында 3-12 жастардағы 7-8 бала бар Қазақстан азаматтары Бейжің әуежайындағы үшінші терминалдың транзиттік аймағында 20 сағаттан астам уақыт бойы қалып қойды. Олар Бейжіңнен Астанаға Мәскеу арқылы 12 қаңтарда ғана ұшып кеткен.

Air China әуе компаниясы қызметкерлері көрсеткен қызметі қазақстандықтардың қатты ашуын келтірді. Олар жолаушыларды қажетті өмір сүру жабдықтарымен, тамақпен жеткілікті қамтамасыз етпеген. Суық тамақ берілген, сусын жеткіліксіз болған, т.б. Бұдан тыс, олар Қазақстан азаматтарына менсінбей қараған, ал Ресей, АҚШ және Еуропа елдерінің азаматтары терминалдан шығарылып, қонақүйге орналасқан.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі Қытай Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота дайындап қойды.

Соңғы жаңалықтар