Қазақстандықтар көп сұралатын анықтамалардан босатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Анықтамасыз қызмет көрсету» жобасы жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесе «Анықтамасыз қызмет көрсету» жобасын (Paper free) іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жоба азаматтар арасында сұранысқа ие электронды анықтамаларды талап етуді шектеуге бағытталған», - деді министр Үкімет сағатында.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жасалған талдауға сәйкес, 2016 жылы 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілгені, оның ішінде 23 миллионнан астамы немесе  65 пайызы электронды анықтамаларға тиесілі екені байқалды.

«Сонымен бірге ең көп мемлекеттік қызметтер 5 анықтамаға (электронды анықтамалардың 95 пайызы) тиесілі болып отыр. Атап айтқанда, мекенжай анықтамасы - 15 млн, жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы - 2,6 млн, тіркелген құқықтар туралы - 2,5 млн, зейнетақылық есептеулер жайында - 2 млн, сондай-ақ сотталмағандығы туралы 1,4 млн анықтама қамтылған. Бұл ретте жыл соңына дейін электрондық үкіметтің веб-порталында үшінші тұлғалармен (банктер, ұйымдар және басқалары) жеке мәліметтерді алудың арнайы тетігі іске асырылады. Өз кезегінде sms-ескерту арқылы азаматтың рұқсатын алу міндетті талап болмақ», - деді министр.

Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» жобалары бойынша мүдделі мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің интеграциясы бойынша шаралар жүзеге асырылады.

«Бұл шаралар азаматта тұрақты түрде тапсырыс беретін құжаттар тізімін оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін Д. Абаев.

Соңғы жаңалықтар