Қазақстандықтар қандай көліктерді көбірек сатып алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 39,5 млрд теңгені құрайтын 6 857 жаңа автокөлік (жеңіл, жүк, автобус, арнайы көліктерді қоса алғанда) шығарылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Желік көліктер өндірісі 2,1 есеге артып, 6 494-ке жетті. Оның ішінде 4 411-і «АЗИЯ АВТО» АҚ-ға, 2 083-і «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға тиесілі», - делінген таратылған мәліметте.

Есепті кезеңде автобус техникасын (44) шығару бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,6 есеге жоғарылады. Ал жүк көліктерін (177) жасау деңгейі 6 пайызға, мамандандырылған автотехника  (29) 81,3 пайызға артты.

Тек 2018 жылдың наурыз айында қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 580 автокөлік құралдары шықты. 2017 жылы сәйкес кезеңде 1 222 көлік құрастырылған болатын.

«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, отандық автозауыттар 5 396 көлікті өткізіп, осы көрсеткіш былтырғы жылмен қарағанда 2 есеге жоғары болды. Есепті кезеңде ел тұрғындары қазақстандық жаңа  жеңіл көліктерді сатып алуға 26,2 млрд теңге ($81,2 млн) жұмсады», - делінген хабарламада.

Қаңтар-наурызда Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (2 556), Hyundai (1 143), KIA (530), Ravon (305) және JAC (259) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Chevrolet (177), Skoda (68), Peugeot (42), SsangYong (4 ) бар екенін атап өткен жөн. 

І тоқсанда 1 306 автомобиль жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасы қатысушыларымен сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар