Қазақстандықтар Еуропарламент алдында «Атамекен» әнін шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі еңбек сіңірген ұжым - Қазақконцерт пен Республикалық академиялық неміс театры Брюсселдегі (Бельгия) Еуропарламент алдында «Атамекен» әнін шырқап, отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетейік, қазақстандық актерлер еуропалық елдерде «Ұлы Дала театры» үлкен концерттік тур жасады. Бұл ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының халықаралық мәдени жобаларының бірі.

Актерлер Германия, Франция, Аустрия, Бельгия және Ресей елдерінде өнер көрсетті. Еуропаның бес еліне жасаған үлкен гастрольдік турне екі аптаға созылды.

Неміс театрының труппасы еуропалық көрерменге Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» туындысының неміс тіліндегі жаңа, инновациялық нұсқасын ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар