Қазақстандықтар «Ерлікке жол» акциясы аясындағы шеруге қатысады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Каспий өңірінің батырлары» тарихи-патриоттық орталығы «Ерлікке жол» броньды шеруге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған патриоттық акция аясында 15-тен астам қарусыздандырылған техникалар - БТР және ҚБДМ - Мәскеу-Брест-Мәскеу бағыты бойынша жүріп өтеді. Шара қатысушылары броньды техникамен ең ұзақ жедел маршты орындау арқылы рекорд жаңартпақ.

«Бұл шара екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына 76 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Біз аталарымыздың жауынгерлік даңқы асқақтаған жерлермен шеру жасап жүріп өтуді шештік. Шеру Брест қаласына келіп тоқтаймыз», - деді «Әскери-техникалық қоғам» өңіраралық қоғамдық ұйымының президенті Алексей Мигалин.

«Бізді қазақстандық достарымыздың қолдағандығы бары қуантады», - деді. Ол аталған акцияның ТМД елдері арасындағы мәдени байланысты нығайтатындығына сенім білдіріп.

«Біз бұл акцияға ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен қатысып отырмыз. Шара фашистерге қарсы күресте ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың рухына құрмет көрсету, жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру мақсатын көздейді», - дейді «Каспий аймағының батырлары» тарихи-патриоттық орталығының басшысы Талғат Ілиясов.

«Ерлікке жол» акциясын 6 млн жуық адам бақылап, 15 млн жуық адам теледидар немесе интернет желісі арқылы көру мүмкіндігіне ие болады.  

Соңғы жаңалықтар