Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз сапарлай алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар бүгіннен бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне барлық төлқұжат түрлерімен визасыз қатынау жөніндегі келісім жасалғанын мәлімдеген болатын. Аталған құжатты БАӘ барлық әмірліктері мақұлдаған.

Ендігі кезекте визасыз сапарлайтын қазақстандықтар нені білуі керек? Визасыз режимнің қандай талаптары бар? БАӘ-дегі ҚР Елшісі Қайрат Лама Шариф визасыз сапар аясында отандастары нені ескеруі керектігі туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. 

Сонымен қазақстандықтар аталған елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ал ол мерзімнен асып кетсе айыппұл төлейді. Айыппұл көлемі жергілікті заңнамаға сәйкес, бірінші күні 200 дирхам, ал одан кейінгі күндер үшін 100 дирхам болып белгіленген.

Визасыз режим кезінде келіссөздер мен кездесулер өткізуге рұқсат етілген. Алайда, бұл жұмыс істеу мақсатында көзделмеген.

Соңғы жаңалықтар